Get Mystery Box with random crypto!

Yerzhan Abdraman

Telegram kanalining logotibi yerzhanabdramanov — Yerzhan Abdraman Y
Telegram kanalining logotibi yerzhanabdramanov — Yerzhan Abdraman
Kanal manzili: @yerzhanabdramanov
Toifalar: Siyosat
Til: Oʻzbek tili
Obunachilar: 344
Kanalning ta’rifi

Журналист. Висконсин-Мэдисон университетінің магистранты

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

1

1 stars

0


Oxirgi xabar

2022-10-04 18:11:23
Путин Украинаға қарсы ядролық қару қолдануы мүмкін бе?
Anonymous Poll
34%
Иә
66%
Жоқ
131 voters250 viewsY A, 15:11
Ochish/sharhlash
2022-10-04 08:15:49 Қаңтарда байланысты ажыратып тастап, бейбіт халықты қырған кезді айтам. Ара-тұра интернет беріле қалған сәтте бір кісідей шыға келіп, террористермен шайқас жүріп жатыр, артық әңгіме болмасын, тыныш отырыңдар деп қақсаған пропагандистер естеріңізде ме?

Солардың бірі Рожин деген еді. Кейін бір жерге қонжиды деп жатқан. Енді қазақтан көрген жақсылығын айтып, орыстарға қазақпен қалай тату тұруды үйретіп сентиментальный пост жазып қойыпты. Орыс қазақша сөйлесе жайылып түсетін қазекең оған мәз.

Ресейдің Украинадағы айуандығы туралы бір пост жазбаған Козачков ана жақта орыстарға кетіңдер деген қазақ әйелді сотталасың деп қорқытып жатыр.

Ресми дерек бойынша, қазір Қазақстанда 350 000 ресейлік жүр екен. Бұл көп пе, аз ба? Салыстырып көрейік.

Исландия мемлекетінің халық саны - 360 000

Облыс орталығы Өскеменнің тұрғын саны – 350 000

Қазақстандағы ұйғырлар саны - 300 000

Қазақстан әскерінің саны - 135 000

Қазақстан халқының бір жылғы табиғи өсімі - 270 000 адам

Еуропа елдерінің бәрі дерлік ресейліктерге шекараны жапты.

Швеция украиндардан басқа халықтарды елге кіргізбейміз деп мәлімдеді.

Ал бізге алты айдың ішінде бір қаланың халқына тең ресейлік келді. Күніне бірнеше мың әлі кіріп жатыр.

Мұнда қандай мән бар?
297 viewsY A, 05:15
Ochish/sharhlash
2022-10-02 08:13:11
Украинаны қарасаңыз, ондағы биліктің әр өкілінде өзінше дербестік бар. Соғыс басталғалы Зеленскийдің беделі күрт өсіп, әлемге танымал саясаткерге айналды. Сөйтсе де оған жалтақтап отырған өкімет мүшесі немесе аймақ басшысы жоқ. Әрқайсысы өз басы, өз көзқарасы бар қайраткер ретінде әрекет етеді. Мемлекет мүддесін президентке адалдықтан жоғары қояды.

Мәулен Әшімбаев біздің мемлекеттегі екінші адам. Заң шығарушы билік тармағының басшысы. Екі пост жазса біреуіне Тоқаевты қосады. Бәрі Тоқаевтың тапсырмасымен.

Бұл автократиялық басқару жүйесіне тән нәрсе. Жай жағымпаздық емес. Әлдебір ерекше қасиетіңмен көзге түсуге болмайды. Керісінше, қай жағынан болсын президентке теңесе алмайтыныңды көрсетіп отыруың керек. Сондықтан өзі аса тәжірибелі, ақылды бола тұра, Әшімбаев мемлекет басшысының тапсырмасынсыз тұяғының ұшын қимылдата алмайтын адам сияқты көрінуге мәжбүр.

Автократиялық қоғамның дамымайтын, болашағы жоқ болатын бір себебі осы. Ол алғыр мен талантты тұншықтырып, сұрқайлық пен жағымпаздыққа жол ашады
312 viewsY A, 05:13
Ochish/sharhlash
2022-10-01 06:30:50
328 viewsY A, 03:30
Ochish/sharhlash
2022-09-28 10:10:41
"Летим в Россию."

Ватное болото
430 viewsY A, 07:10
Ochish/sharhlash
2022-09-28 08:32:28
Путин Дағыстандағы наразылықтан кейін
386 viewsY A, 05:32
Ochish/sharhlash
2022-09-28 06:49:41 Қазақтың қонақжай болғанын еске салып, сол қасиеттен айырыла бастағанымызды айтып ұялтушылар көбейді. Тенгриньюс тарихшылардан пікір алып, қазақтың қонақжайлығы қайдан шыққаны туралы зерттеу мақала жазыпты. Аймағамбетовтің соңына шам ала түсіп, Саясат Нұрбекті мақтайтын Kozachkov offside телеграм-каналы ресейліктерді азық-түлікпен күтіп алған адамдарға сүйсініп қоймай жатыр. Шүкір, ата-әжелеріміздің қонақжайлығы генімізде әлі бар екен деп қояды.

Дуванов біздегі орыстардың саяси енжарлығын сынап жүретін еді. Көбі квартирант – Қазақстанда азаматтық қоғам құру үшін күреспейді, өздеріне ыңғайлы кезде Ресейге көше салады деп. Ол да бұл жағдайға іштей риза көрінеді. Мейірім деген жақсы қасиет қой дейді ол.

Жалпы, пікірлерді аз-маз сараптаған адамға қолдаушылардың дені кім екені көрініп тұр. Бәрі қазақтың қонақжайлығын қашқын ресейліктердің көшінен туған наразылыққа қарсы әдемі аргумент етіп алған.

Айта кететін нәрсе, қонақжайлық қазақтың өмір салтынан туған, ол көшпенді халықтардың көбіне ортақ нәрсе. Айдалада көшіп-қонып жүрген малшының өмірін ойлап көріңіз. Күнде көретінің осы ауылдағы бес-алты үйдің адамы. Одан сыртқы әлемде не болып жатқанын білмейді. Сол әлемнен хабар әкелетін кім? Ел аралап жүрген қонақ. Сен оның алдына тамақ, астына жұмсақ көрпе қоясың. Ол саған көрген-білген жаңалығын айтады. Бәленше қайтыс болды, түгеншенің жесір дауы былай тынды, бәленшенің асында түгеншенің аты бәйгеден келді. Қазақ қонақты осы себепті құрметтеген.

Екіншіден, патша өкіметі де, кеңес өкіметі де өзге халықтарды көшірген кезде қазақтың келісімін сұраған жоқ. Қазақтар зорлықпен жер аударылып, бейшара күйде келген кавказ халықтарына қамқорлық жасағанын білеміз. Ал қазақ жерінің ең құнарлысын иеленген қарашекпенді орыс шаруалары мен тың игерушілер ше? Оларға да солай қонақжайлық көрсетіп пе?

Үшіншіден, “қонақжайлық” салдарынан қазақ өз жерінде азшылыққа айналды. Жай азшылық емес, екінші сортты халық деңгейіне түсіп кемсітуге ұшырады. Тілі жойылуға шақ қалды.

Қазақ қонақжайлығын ұмыта қоймаса керек. Бірақ осы уақыт ішінде көрген құқайы да оның есінде. Өркениетті біз әкелдік, т…уды біз үйреттік деген сөздер қазір де айтылып жатыр. Келген ресейліктерден сұрап көріңізші, көбі Қаңтарда Қазақстанды Ресей құтқарып қалды деп ойлайды.

Путинге баяғыдан қарсы Виктор Шендерович деген белгілі ресейлік жазушы бар. Жақында шетелге кетуге мәжбүр болды. Өте ақылды адам. Сол Шендерович қазаққа қонақжайлықты Ресейден көшірілген орыстар үйретті деп ойлайды екен. Путиннің импершіл саясаты Ресейді құрдымға құлатқалы тұрса да, орыс шовинизмі ешқайда құрымаған. Құрымайтын да сияқты. Ендеше ресейлікке құшақ қая қоймадың деп қазаққа ренжудің не жөні бар?

Ал өкіметке келсек, оның бұл проблеманы шешетін белгілі саясаты да, мүмкіндігі де жоқ. Ол тіпті мұндай мәселе туындайды деп күтпеген. Сондықтан қазақтың қонақжайлығы туралы мақалалар мен тамақ үлестіретін акциялар ұйымдастыруға, аренда бағасын реттеу туралы миға сыймайтын тапсырма беруге мәжбүр.
369 viewsY A, edited  03:49
Ochish/sharhlash
2022-09-27 20:49:45
Два россиянина, сбежавшие в Казахстан от мобилизации, отказываются отвечать на вопрос, чей Крым и Донбасс. По их словам, «это всё территория жителей, которые там живут», как и казахстанский Павлодар. Правда, в конце поправляются, что официально Павлодар всё-таки является частью Казахстана.
286 viewsY A, 17:49
Ochish/sharhlash
2022-09-26 07:44:55 Везде где Россия - там разруха и в головах и в домах и на улице!

Пора осознать и сказать Россия - вон из Дагестана!

Гауляйтер Меликов - вон из Дагестана и забери с собой всех купленных вами пропагандистов!

Очистим Дагестан от мусора, сначала в головах, а потом и в на улице! Ин ша Аллах!
298 viewsY A, 04:44
Ochish/sharhlash
2022-09-26 07:44:55 Беларусь белсенділер ашқан Нехта телеграм-каналы бар ғой. Ресейдің аймақтарында сондай каналдар көбейетін сияқты. Мынау дағыстандықтардың кешегі наразылығын үйлестірген канал. Екі күнде жазылушылар саны 25 мыңнан 122 мыңға жетті.

Татарлар мен башқұрттардың каналдары да Мәскеудің саясатына наразылығын ашық білдіре бастады
295 viewsY A, edited  04:44
Ochish/sharhlash